«Қауіпсіздік шараларын бұзған»: Тағы бір әскери көз жұмды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2455

 14 қарашада Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде алған жарақатынан қаза тапты, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.

Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілуге жатпайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...