Сарбаздар кредиттік демалыстарын қалай пайдаланып жатыр?

Фото: Қорғаныс министрлігі видеосынан кадр

Қоғам
376

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадасында борышын өтеп жүрген сарбаздар кредиттік демалыстарын сәтті пайдаланып жүр, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz  тілшісіне сілтеме жасап. 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригадасында борышын өтеп жүрген сарбаздар Жарылқасын Сағи мен Нұрхат Біржан және оған қоса жиырмадан астам әскери қызметші кредит демалысын сәтті пайдалана алды. 

Енді олар әскерде жүргенде несиесінің өсімпұлы көбейіп кетеді деп алаңдамайды.

Мұндай сарбаздардың бірі Біржан Нұрхат банктен 600 мың теңге кредит алған.

«Әскерге барудан қорыққан жоқпын. Бірақ, мен үшін кредитімді кім төлеп отырады деп қатты алаңдаушылық болды. Әскери комиссариатта кредитті уақытша тоқтата тұратындығын айтып түсіндірді. Қазір оған ең алаңдамаймын. Әскерден оралғаннан кейін оны толық төлейтіндігіме сенімдімін», — деді ол. 

Аталған бригаданың командирі подполковник Жәнібек Құранбеков әскери бөлімге жас жас сарбаздар келген сәттен-ақ олардың несиелерінің бар-жоғын анықтауы жұмыс жүргізілетіндігін айтады.

«Содан кейін банктермен бірге сарбаздарға кредиттік демалыс беру жұмыстарын жүргіземіз. Осындай қамқорлықтың арқасында сарбаздар кредитіне алаңдамай әскери борышын сенімді атқарады», — деді Жәнібек Құранбеков.

Ал сарбаз Сағи Жарылқасын 450 мың теңге кредит нәсімдеп, теледидар сатып алған екен. 

«Әскери борышымды өтеп бастаған алғашқы айда-ақ банктен несиенің 13 айға уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама түсті. Сол сәттен несиеге алаңдамайтын болдым», — деді ол.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...