Жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
3023

Ақтауда 30 маусымда түнгі 12:00 шамасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.tengrinews.kz сілтеме жасап.

Облыстық көпсалалы аурухана берген мәлімет бойынша, ұрып-соғу салдарынан дәрігердің миы шайқалған, параорбитальды гематома, сондай-ақ бетінде көптеген көгеру болған. Жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жібергені айтылды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір берді.

"Бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство.

Шоу-бизнес

Әнші Еркеш Хасенмен көңіл жарастырған актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіл...

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...