Жағымсыз иіске тұншыққан халық ұйықтаудан қалған

Фотосурет kaz.nur.kz сайтынан алынды

Қоғам
1371

Атырау тұрғындарын бір аптадан бері қолқаны қабатын жағымсыз иіс сергелдеңге салып отыр. Олар бала-шағамызды ауру қылды, есік-терезе ашудан қалдық деп шағымданып отыр. Бұл туралы madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың тексерісінің нәтижесінде ауа әдеттегіден 10 есеге ластанған. Әсіресе түн ортасында қаланы жайлайтын жағымсыз иіске тұншыққан халық ұйықтаудан қалған.

"Кешкілік далаға шыға алмаймыз. Масадан көз ашпай жүргенде енді осы иіс пайда болды. Нұрсая ықшам ауданында тұрамын. Түн ортасында иіс күшейіп тіптен ұйықтатпайды. Терезе мүлдем ашпаймыз. Салқындатқыш қоссақ та, үйдің ішін иіс алып кетеді. Неге билік үнсіз отыр, тексеріс жүргізбей ме?!", - деп назын білдірді қала тұрғыны Назымгүл Исатайқызы. 

Атыраулық экологтар бірнеше күн бойы тексеріс жүргізіп, жағымсыз иіс "Квадрат" булану алаңынан қалаға желмен жетіп жатыр деген байламға келген. Қазіргі кезде ол жақта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. 

"10 маусымнан бері экология департаментінің мамандары жылжымалы зертхан" арқылы күнделікті тексеріс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде ауадағы күкіртті сутегінің көлемі шектік нормадан 10 есеге асқанын анықтадық. Бұл халықтың денсаулығына зиян. Мамандар жағымсыз иіс "Квадрат" алаңынан шығады деген болжамға келді. Ол жерде тасқынға байланысты қопару жұмыстары уақытша тоқтап, қазір қайта жанданды. Алаңдағы жұмыстар жергілікті билікпен бірлесіп жасалған арнайы жол картасы шеңберінде жүріп жатыр. Бұл болашақта қаладағы экология мәселесін шешуге бағытталған жоба", - дейді Атырау облысы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Есенов.

Жыл басынан бері Атырауда 20-ға жуық зауытқа ауаны ластағаны үшін айыппұл салынған. Олар мемлекет қазынасына 13 млрд теңге қарыз.

Атырау белсенділері "Квадрат" алаңына барып өз бетімен бақылау жүргізіп отыр. Өлкетанушы, журналист Виктор Сутягиннің зерттеуінше, экологтардың "жағымсыз иіс сол алаңнан шығып жатыр" деген байламына сену қиын дейді ол. Журналист булану алаңына барып арнайы видеоролик түсірген.

"Мен сол жерде болдым. Ешқандай иіс сезбедім. Керісінше мол су келіп, табиғаты жайнап тұр. Түрлі құс та осы жерді мекен еткен. Тіпті қоқиқаздар да келіпті. Әсіресе жыртқыш құстар сасық жерде жүрмейтіні белгілі ғой. Сондықтан мамандардың болжамына сену қиындау", - дейді Виктор Сутягин.

Ал таза ауаға зәру болған халық билік өкілдерінен көмек сұраудан басқа амалымыз жоқ дейді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...