Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Көкшетауда өтеді

Құрылтай
1621

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады», деді Президент.

 Мемлекет басшысы Құрылтайдың келесі отырысын Көкшетауда өткізуді ұсынды.

«Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұрттан сүйінші сұра...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Семей қаласында аспалы көпірден Ертіс өз...