Қызылорда облысында төбелестен 9-сынып оқушысы көз жұмды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
1707

Қызылорда облысында жасөспірімдердің төбелесі адам өліміне себеп болды, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

17 жастағы жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жығып, салдарынан оқушы көз жұмған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, полиция барлық материалдарды зерттеп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар басқа екі адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оларға қатысты сот үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, – делінген ведомство мәліметінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Әділет Жауғашар әлеуметтік желіде сынның астында қалған «Сүй иә» әніне қатысты алға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды....