13 шілдеде екі өңірде аптап ыстық болады

Фото: Шедеврум

АЙМАҚТАР
1834

Жексенбі күні қатты ыстық пен найзағайлы жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

13 шілде, жексенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, батысында, орталығында және оңтүстік-шығыс таулы өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

«Шығыста нөсер жауын жауады. Елдің солтүстігі мен шығысында – бұршақ, ал батыс пен шығыста – дауылды жел соғады», – деп нақтылады «Қазгидромет» синоптиктері. 

Антициклон әсерінен Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда кейбір өңірлерде күн қатты ысиды.

+35°…+39° дейінгі ыстық мына облыстарда күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысы
  • Атырау облысы
  • Ақтөбе облысы
  • Жетісу облысы
  • Ұлытау облысының оңтүстігі

+40° дейінгі аптап Түркістан және Қызылорда облыстарында болады. 

Синоптиктердің болжамынша, аптап шегіне жететін өңірлер:

  • Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігі
  • Маңғыстау облысының оңтүстігі

Бұл аймақтарда ауа температурасы +43° градусқа дейін көтерілуі мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда келінінен таяқ жеген әйелдің жағдайын адвокат Тлеужан Кішкенбаев айтып берді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Елордадағы Сарайшы...