Бағдат БайжантаевҰлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Т. Қалмаған...
15 ақпан қалың қар жауып, күн суытады
Фото: Pixabay
15 ақпан, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, күн аязды әрі жауын-шашынды болады. Еліміздің бірқатар өңірінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде сақылдаған сары аяз сақталады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, бұл өңірлерде:
- Жолдарда көктайғақ болады;
- Тұман түсіп, көріну мүмкіндігі шектеледі;
- Желдің екпіні күшейеді.
Ертең Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады. Құтқару қызметкерлері мен синоптиктер таулы аймақ тұрғындары мен туристерге сақтық шараларын сақтауды ұсынды.
«Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтілуде. Алыс жолға шығатын жүргізушілер сақ болыңыздар», — делінген хабарламада.