Алдағы аптада –35 градус аяз болады

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
1184

Алдағы 3 тәулік ішінде ел аумағында болатын ауа райы болжамы белгілі болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар жауады.

Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанады, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қар жауады.

Ел аумағында тұман, көктайғақ болып, сондай-ақ жел күшейеді.

Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -0-5 градустан -18-30 градус аязға дейін күрт ауытқиды, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында -33-35 градусқа дейін аяз болады. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...