Оралда жол апатынан кейін бір көлік аударылып, балалар зардап шекті

Фото: Мой город

ЖАҢАЛЫҚТАР
1576

Орал қаласында жеңіл автокөлік жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнында көлік аударылып, бірнеше бала зардап шекті, деп хабарлайды madeniportal.kz Мой город тілшісіне сілтеме жасап.

«Жол апаты Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қара түсті «Приора» көлігі соқтығысқаннан кейін аударылып кеткен. Оқиға орнында куәгерлер көліктің ішінен балаларды шығарып алған», — делінген материалда.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты салдарынан 34 жастағы әйел, 5 жастағы ұл бала және 2 жастағы қыз бала зардап шекті. Дәрігерлер оларды тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Барлығына амбулаторлық ем тағайындалды.

Жол апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...