Алматы облысында жаңа кадет сыныбы ашылды

Фото: MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
1359

Алматы облысында жаңа кадет сыныбы ашылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Арнайы сынып оқушылардың отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталған және құтқарушы мамандығына алғашқы қадам болып табылады. 

Ашылу салтанатына орай болашақ құтқарушылар үшін таныстыру күні ұйымдастырылды. ⠀

Іс-шара аясында:

– құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі өтті;

– кинологтар қызметтік итпен көрсетілім қойды;

– Қапшағай су қоймасында Marlin 830 катерінде судағы қауіпсіздік ережелері мен алғашқы көмек көрсету тәсілдері көрсетілді;

– өрт сөндіру техникасы таныстырылды;

– арнайы алаңда альпинистік жаттығулар өткізілді.

Бұл күн ұмытылмас әсер сыйлап, құтқарушының абыройлы мамандығын таңдауға сенімді қадам болды! 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...