Қолайсыз метеорологиялық жағдай: “Қазгидромет“ алты қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
298

"Қазгидромет" ресми сайтында Алматы мен тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ақпарат жұмаға арналған ауа сапасы болжамына қатысты.

"9 қазанда Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Оралда, түнде Жезқазғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанады", - делінген хабарламада.

Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдай - бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия) жиынтығы.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда күн құбылмалы болады, жауын-шашын болжанбай. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы болады. 

Ақтауда – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Ақтөбеде – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы болады.

Атырауда – ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 1-6 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Жезқазғанда – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы болады.

Оралда – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...