Елбасы Астана қаласының активімен кеңес өткізді, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы" тілші...
Арқалықтың тағдыры өзгере ме? «Qala» жобасы шынайы көрінісін көрсетті
Madeniet Portaly
Жаңа адамдар командасы YouTube-та жаңа «Qala» жобасын таныстырды. Жобаның мақсаты — Қазақстанның өңірлік қалаларының қайта жаңғыруын, олардың қазіргі даму қарқынын және өңірлердің жаңа мүмкіндіктерге қалай аяқ басып жатқанын көрсету. Өңірлер — елдің негізгі тірегі. Сондықтан олардың жағдайы, халқының қалада қалуы және экономиканың жаңаруы мемлекеттің жалпы даму динамикасына тікелей әсер етеді.
Арқалық — алғашқы шығарылым кейіпкері
Алғашқы эпизод Арқалық қаласына арналды. Бір кездері елдің маңызды өнеркәсіптік орталығы болған Арқалықта алюминий өндіруге қажетті боксит кендері өндірілді. Сол ресурстардан ұшақтар мен зымырандар жасалды.
Бүгінгі таңда Торғай өңіріне деген қызығушылық тек тарихи маңызымен ғана емес, мемлекеттің қазіргі стратегиялық міндеттерімен де байланысты.
Мемлекет деңгейіндегі назар
Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік саясатты қайта жүктеу қажеттілігіне тоқталып:
«Аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және өңірлердің даму деңгейіндегі теңсіздікті жою – қазір мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі», — деп атап өтті.
Президенттің Арқалыққа қатысты ойы кейінгі мәлімдемелерінде де ерекше көрініс тапты. Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарында ол:
«Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек», — деді.
Бұл сөздер өңірдің стратегиялық маңызы мен жаңғыру мүмкіндіктеріне деген мемлекеттік қолдауды көрсетеді.
«Qala» жобасының рөлі
Жобаның алғашқы шығарылымы Арқалықтың даму кезеңдерін, қазіргі жағдайын және өңірдің болашағына қатысты жаңа көзқарастарды жан-жақты ашады.
«Qala» Арқалықты мысалға ала отырып, өңірлік қалалардың модернизациясын, инфрақұрылымдық өзгерістерін, әлеуметтік жаңғыру мүмкіндіктерін көрсетуді мақсат етеді.
Болашақта жоба:
— басқа өңірлік қалалардың дамуын көрсетеді,
— инфрақұрылымдағы өзгерістерді талдайды,
— өңірлердің жаңа мүмкіндіктерін жариялайды,
— Қазақстандағы аймақтық саясаттың эволюциясын ашып көрсетеді.
«Qala» — тек деректі жоба емес. Бұл өңірлердің өзгеру тарихын түсінуге арналған жаңа платформа.