Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының шеңберінде дүниеге келге...
Ата-әжелер қолына алған немерелерін өздері оқыта ала ма?
Сурет: Шедеврум
Павлодар қаласының тұрғыны әке-шешесінің рұқсаты болса да немерелерін мектепте оқыта алмай отырғанын айтып шағымданды, деп жазды Мadeniportal.kz.
Аты-жөні белгісіз желі қолданушысы облыстық пабликтердің бірінде көпшілікке оқиғасын баяндап, кеңес сұраған.
«Менде мынадай жағдай болып тұр. Мүмкін, араларыңызда осындайға тап болғандар бар шығар? Мен әжемін. Немерелеріміз біздің ауылда тұрады, себебі олардың ата-анасы қалада тұрып, сонда жұмыс істейді. Өткен жылы мектеп бізден нотариуспен расталған ата-ананың сенімхатын талап етті. Онда бала әжесінің қолында тұрып, оқитыны көрсетілген еді. Ал биыл мектеп бұл сенімхат жарамсыз, бала ата-анасынан бөлек тұра алмайды дейді. Егер немерелеріміз бізбен бірге тұра берсе, ата-анасына айыппұл салынады деп отыр. Не істеуге болады? Қайда жүгінуге болады? Бұл қаншалықты заңды?», - деп жазды ононимді желі қолданушысы.
Мadeniportal.kz сайтының тілшісі бұл мәселе төңірегінде шама-шарқынша зерттеп көрді. Белгілі болғандай бұл мәселеде сенімхаттың күші жеткіліксіз. Себебі Қазақстан заңнамасына сәйкес, ата әжелер балаларға қатысты тек қорғаншылық немесе қамқоршылық жағдайында ғана заңды өкілдік құқығына ие болады. Ал нотариалды сенімхат беру мұндай құқық бермейді. Бұл құжат ата-ананың уақытша тапсырмасы ретінде қаралады, бірақ мектеп заңды өкілдікті талап етеді. Сенімхат — бұл уақытша рұқсат, бірақ заңды өкілдік белгіледі деп есептелмейді.
Алайда бұл заң барлық аймақта бірдей сақталып отырмағандығы байқалады. Бұған аталған жазбаға қатысты желі қолданушылары білдірген пікірлер дәлел.
«Менің балам 14 жасынан бері басқа қалада тұрып, оқып жатыр. Енді оны үйге алып келуім керек пе?», «Жеке хабарлама арқылы жазыңыз. Жауапты нормативтік құжаттарға сәйкес дайындаймын. Жауап жазуға көмектесейін», «Туғызып алып, тәрбиелеуді түгелдей ата-әжеге артып қою — дұрыс емес. Бала – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі. Бәрін әжесі мен атасына тапсырып, өздерің қалада жайлы өмір сүріп жүре беру – әділетті шешім емес», «Балам туғанынан бері әжесінің қолында тұрып келеді, ал мектепке ешқандай сенімхат тапсырған емеспіз» деп жазды интернет қолданушылары.