Талғардағы мектептерде бүгін сабақ өтпейді

Ашық дереккөзден алынған

АЙМАҚТАР
3377

Талғарда жер сілкінісіне байланысты бүгін сабақтар өтпейді, - деп хабарлайды madeniportal.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Талғар ауданы бойынша білім бөлімі бүгінгі күні жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымында сабақ болмайтындығын және қашықтықтан оқыту жүргізілетінін хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді.

Артынша ТЖМ мәлімдеме жасап, бүгінгі жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқанын хабарлады.

Алматыда 3 балл, Талғарда 4 балл, Есікте 4 балл, Түргенде 3 балл, Өтеген батырда 3 балл, Боралдайда 2 балл, Маловодныйда 2 балл, Ж.Қайыповта 2 балл, Алатауда (Жетіген) 2 балл, Қарасайда (Қаскелең) 2 балл болып сезілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...