Апта соңында Қазақстанда жаңбырдан кейін қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
667

"Қазгидромет" мамандары 1, 2 және 3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Болжамға сәйкес, Қазақстанда қазан басында ауа райы айтарлықтай өзгереді. 1–3 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыс пен солтүстік-батыста жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. Кей аймақтарда түнде температура -6 градусқа дейін төмендейді. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, 1–3 қазан аралығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтіледі, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады. 

Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз небәрі +3…+8 градус жылы болады.

Солтүстік-батыста күндізгі уақытта температура +15…+25 градустан +5…+15 градусқа дейін төмендейді.

Сонымен қатар елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында негізгі температуралық фон +13…+23 градус жылы болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн жылырақ болады, атап айтқанда +20…+25 градус, ал таулы аймақтарда температура +10…+15 градусты көрсетеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....