ШҚО-дағы тасжолда қар көшкіні қаупі бар

Фото: gov.kz

АЙМАҚТАР
1858

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымы жабылды. 

- Аталған жол учаскесінде 9 наурыз сағат 08.00-ге дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Көлік жүргізушілерін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...