Еліміздің Шығыс өңірінде -56 градус аяз тіркелді

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
1248

17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Марқакөл ауданының Шанағатты ауылында (бұрынғы Орловка) -56 градус аяз тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өңірде қатты аяз әлі де сақталып тұр. Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Парыгино ауылында термометр бағаналары -53 градусқа дейін төмендегені белгілі болған еді. Ауа температурасын тұрғындар камераға түсіріп алған. Оның алдындағы күні бұл елді мекенде -45 градус болған болатын.

Ауылдық округ әкімі Ғани Түлеков Парыгино тұрғындарының төтенше ауа райы жағдайларына алдын ала дайындалғанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік нысандар мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жұмыста ешқандай іркіліс тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда», — деді әкім. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...