Orda.kz журналистіне банданың жетекшісі атанған Хасан сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal.kz....
Түркістанда 18 тарихи аймақ реставрацияланады
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.
"Мемлекет басшысының Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесін беру туралы шешімі тарихи оқиғаға айналды.
2018 жылғы 29 қыркүйекте Елбасының Түркістан облысына сапары барысында «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығын ЮНЕСКО-ның бірегей ескерткіші ретінде қалпына келтіру жоспары бекітілді.
Жоба ежелгі римдік Помпей қаласының музейі, Осман империясының «Топкапы» сарайы, Иерусалим қаласы сияқты әлем ескерткіштерінің тәжірибесіне сүйене отырып, әзірленді. Оларға жыл сайын осы елдердің экономикасына үлкен кіріс әкелетін миллиондаған туристер барады.
Жоспарға сәйкес Түркістан қаласының буферлік аймағында 88,7 гектар аумағында 18 негізгі аймақ толық реставрацияланып, қайта қалпына келтірілетін болады", – деді ол.
"Ең алдымен, жалпы ауданы 27 гектар болатын Түркістан аумағындағы алғашқы қалалық қоныстардың бірі Күлтөбе қалашығы қайта қалпына келтірілетін болады. Онда Қожа Ахмет Яссауи дәуірінен 50-ден астам ғимараттар салу және Әбілмәмбет хан қыстағының бастапқы түрін қалпына келтіру көзделген.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің (Қазандық, Гурхана, бас портал, Үлкен Ақ-Сарайдың ресми қабылдаулар залы), 11-12 ғасырдағы Хильветтің, Чилля хананың, 15 ғасырдағы ортағасырлық шығыс моншасының, Рабия Сұлтан Бегім, Есім хан кесенелерінің реконструкциясы жоспарланған. Көшпелі өмір салтын ұстану үшін Этнауыл ашылып, ыңғайлы болу үшін қоныс аумағы ландшафтты архитектурамен гүлденеді. Онда шеберлер орталықтары, ұлттық тағамдар көрмесі, кәдесыйлар ұсынылып, ұлттық ойындар өткізіледі. Келушілерге ыңғайлы болу үшін барлық аумақта жаяу жолдар, су бұрқақтар, саябақтар орналасады. 2023 жылға қарай Түркістанға келетін туристердің саны 5 млн. аса адамды құрайтын болады, олардың келу уақыты да 3 сағаттан 4-5 күнге дейін ұлғаяды, – деді министр.