Алматыда 35 градус ыстық, Астанада күн күркіреп жел соғады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
299

"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 9, 10 және 11 қыркүйекте ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Болжам бойынша, екі қаланың тұрғындарын айтарлықтай өзгеше ауа райы күтіп тұр: Алматыда температура +35 градусқа дейін көтерілсе, Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. 

Астанада 9 қыркүйекте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +31...+33 градус.

10 қыркүйекте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +29...+31 градус.

11 қыркүйекте күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +26...+28 градус. 

Алматыда 9 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус.

10 қыркүйек күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус.

11 қыркүйекте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі уақытта көмек сұрап келген үш баланың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза...