Елордада спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады

Фото: Астана қалалық әкімдігі

АЙМАҚТАР
2640

31 тамыз күні елордада «Saryarqa Run» спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Астана әкімдігінің мәліметінше, 31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін мына көшелер жабылады:

- Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

- Ә. Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;

- Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейін;

- С. Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен Қ. Күмісбеков көшесіне дейін;

- - Қ. Күмісбеков көшесі А. Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;

- Кенесары көшесі Қ. Күмісбеков көшесінен М. Әуезов көшесіне дейін;

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т. Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның үш университеті Азиядағы ең үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына кірді. Еліміз Орталық...