ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны есіне алып, оның видеосын жүктеді. Бұл тура...
Бишімбаевтың туыстары бұрыңғы келіндерінен тағы 22 миллион теңге талап етті
Фото: ашық дереккөзден
Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-күйеуінің туыстарымен арадағы кезекті сот дауы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ztb-ға сілтеме жасап.
Қаһарман Instagram парақшасында бұл жолғы дау Астанадағы Highvill тұрғын үй кешеніндегі коммерциялық нысанға қатысты екенін жазды. Бұған дейін ол аталған орынды жалға беріп, он ай бойы түскен ақшаны үш баласының қажетіне жұмсағанын айтады.
Оның сөзінше, жалдау ақысынан түскен қаражат балалардың күтіміне, мектепке, денсаулығына, демалысына, дәрігерлер мен репетиторлардың қызметіне жұмсалған. Қаһарман мұны алимент есебіндегі өзара есеп айырысу деп түсіндірді. Сондай-ақ барлық шығын құжатпен көрсетіліп, екінші тарапқа алдын ала хабарланғанын және олардың келісімі болғанын алға тартты.
Алайда бірнеше жылдан кейін бұрынғы күйеуінің туыстары райынан қайтып, бұл ақшаны сот арқылы өндіріп алуға шешім қабылдаған.
Қаһарманның айтуынша, нысанның үш меншік иесі бар. Олардың бірі - балаларының немере ағасы, яғни әкесінің немере ағасы. Ол төлемді талап ету құқығын Назымның бұрынғы енесі Альмира Нұрлыбековаға берген.
«Бұл - балаларым үшін де, мен үшін де үлкен реніш. Біз ол жігітті жаман адам емес деп ойлайтынбыз. Ол барлық құқығын Альмира Балтабаевнаға беріп, құжатқа қол қойған. Ал ол болса, сотқа талап арыз түсіріп отыр. Балаларым тағы бір туысынан айрылғандай болды», - дейді Қаһарман.
Алғашқы сот отырысы 19 қазанда өткен. Келесі отырыс 11 қарашаға белгіленген. Назым Қаһарман алимент мәселесіне қатысты жеке талап арыз түсірмек. Ол Бишімбаевтың туыстарын да сынға алып, сот даулары балаларға ауыр тиіп жатқанын айтты.
2026 жылғы қазанда сот Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекованың Назым Қаһарманға қарсы тағы бір талабын ішінара қанағаттандырған. Ол жолы дау фитнес-клуб жұмыс істеген нысанды жалға беруден түскен табысқа қатысты болған.
Нұрлыбекова 14 миллион теңгеден астам қаражат талап еткен. Алайда сот Қаһарманнан шамамен 6,7 миллион теңге және сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарған. Ал Нұрлыбекованың 10,6 миллион теңге талап еткен тағы бір арызы қараусыз қалған.
Бұған дейін бұрынғы ерлі-зайыпты балаларға қатысты да соттасқан. 2024 жылы Қаһарман Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыруды сұрағанымен, сот оның талабын қанағаттандырмады. Ал 2025 жылы Бишімбаев ай сайын 1,6 миллион теңге көлемінде белгіленген алиментті азайтуды талап еткен. Сот бұл арызды да кері қайтарған.