Көк Жайлауға өту енді ақылы болады

Фото: Gov.kz

АЙМАҚТАР
142

Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде Көк Жайлау бағытына кіру үшін төлем енгізілгенін қызу талқылап жатыр. Жақында бұл аумақта QR-коды бар ақпараттық белгілер пайда болып, жұртшылықтың күдігін туғызған болатын. Алайда Іле Алатау ұлттық паркі бұл жаңашылдықтың заң аясында жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz El.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бір жағынан жаңа ереженің күшіне енгенін айтса, енді бірі QR-кодтарды алаяқтардың ісі деп болжаған. Ұлттық парк әкімшілігі бұл ойларды жоққа шығарып, төлемнің ресми түрде қабылданатынын нақтылады.

Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, аумаққа кіру үшін 10 ресми бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді. Ал бақылау бекеттері жоқ бағыттарда QR-кодтар орнатылады. Бұл заң талабы.

Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтарға төлемсіз кіруге тыйым салынады. Сондықтан тексеріс кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін, ал тауға шыққан әрбір адам белгіленген төлемді өтеуі қажет, - деді Іле Алатау ұлттық паркінің бас директорының орынбасары.

Қазіргі тариф бойынша бір адамның кіру құны шамамен 590 теңгені құрайды.

Алматы қалалық туризм басқармасының өкілдері қала маңындағы тау бағыттарын барынша қолжетімді және қауіпсіз етуге күш салып жатқанын жеткізді.

Бүгінде шамамен 1000 шақырымдай тау соқпағы цифрлық жүйеге енгізілді, олардың 850 шақырымы абаттандырылған. Бұл маршруттар 2GIS картасында толықтай қолжетімді. Жыл сайын қосымша 100 шақырым жолды инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Оның ішінде ақпараттық тақтайшалар, бағыт көрсеткіштері, түсті белгілер, қалқалар мен демалыс орындары бар, - деді Алматы қаласы туризм басқармасының инфрақұрылым бөлімінің басшысы Дәурен Ерғалиев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергі...