Шығыс Қазақстан облысында ірі шөп қоймасы өртенді

ашық дереккөзден алынған

АЙМАҚТАР
2415

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Мұқашы ауылында шөп қора өртеніп, 600 тоннадан астам салмағы бар 2000 бума шөп жанып кетті, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, өрттің кең аумаққа таралуына жол бермеді.

"Өрт сөндірушілердің күшімен көршілес ғимараттар мен шаруашылықтарға өрттің таралуының алдын алдық. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады ТЖМ.

Өрт толықтай сөндірілді. ТЖМ шөпті сақтау және жинақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...