+30°C-қа дейін жылиды: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
560

"Қазгидромет" 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аймақтарында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтілуде, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде кең антициклон ықпалынан құрғақ ауа райы болады.

Тек Қазақстанның батысында жаңбыр жауады, түнде найзағай болжанған. Ал 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстанда 26 наурызда, Шығыс Қазақстанда 27-28 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды. Республикада тұман болып, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.

Ауа температурасы:

  • Батыс пен солтүстік-батыста күндіз 15–25 градусқа дейін жылы болады;
  • Солтүстік пен шығыста 10–17 градусқа дейін жылы;
  • Орталықта 13–24 градусқа дейін жылы;
  • Оңтүстікте 21–30 градусқа дейін жылы;
  • Оңтүстік-шығыста 18–27 градусқа дейін жылы;
  • Таулы аймақтарда 10–15 градусқа дейін жылы болады. 
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

16 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындарына ескерту жарияланды, деп хабарлайды MadeniPort...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірыңғай байланыс орталығы адам шошырлық кадрларды көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &laqu...