Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
351

Қазақстанда алдағы үш күнде күн райы күрт өзгереді деп күтіледі. Антициклонның орнына солтүстік циклон келіп, өзімен бірге нөсер жауын-шашын, күшті жел мен тұман ала келеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, 5–7 қараша аралығында Қазақстанның түрлі аймағында жаңбыр жауады. Солтүстікте жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі.

Ең күрделі ауа райы жағдайлары бірнеше өңірде болжанады:

  • 5–6 қарашада - елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі;
  • 6 қарашада - оңтүстік және орталық аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп болжанады. 

Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

Температура қай жерлерде өзгереді?

Жауын-шашынмен бірге кейбір аймақтарда температуралық фон да өзгереді. Батыста түнде 0-ден +7 градусқа дейін, күндіз +3-тен +14 градусқа дейін жылы болады.

Солтүстік-батыста түнде -1…-8 градус аяз, күндіз +1…+15 градус жылы болады деп болжанады.

Елдің солтүстігі мен орталығында түнде температура -3…-8 градустан +1…+6 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз, керісінше, төмендеу күтіледі: +5…+13 градустан +1…+10 градусқа дейін.

Шығыста түнде -3…-8 градустан 0…+5 градусқа дейін күн жылынады, ал күндіз ауа температурасы +3…+8 градустан +7…+12 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температураның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. 

 

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Аян Өтепберген Испанияда өткен халықаралық кинофестивальде “Үздік актер&rdq...

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...