Тұман мен көктайғақ күтіледі: 25–27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
1155

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25–27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдағы күндері еліміздің ірі қалаларында метеожағдай айтарлықтай өзгеше болады. 

Елордада қар жауып, төменгі боран соғады.

25 қаңтар: ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, жаяу бұрқасын. Түнде −20…−22°C, күндіз −11…−13°C.

26 қаңтар: қар, төменгі боран, жел 9–14 м/с. Түнде −20…−22°C, күндіз −13…−15°C.

27 қаңтар: қар мен боран сақталады. Түнде −18…−20°C, күндіз −15…−17°C. 

Алматыда жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ күтіледі.

25 қаңтар: ауыспалы бұлтты, түнде тұман, жолдарда көктайғақ. Түнде −8…−10°C, күндіз 0…+2°C.

26–27 қаңтар: жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Түнде −5…−7°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкентте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

25 қаңтар: түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар. Тұман, көктайғақ. Түнде 0…−2°C, күндіз +1…+3°C.

26 қаңтар: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде −1…−3°C, күндіз +3…+5°C.

27 қаңтар: күндіз жауын-шашын күтіледі. Түнде 0…−2°C, күндіз +1…+3°C.

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...