Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Наурыз мейрамын тойлады

РУХАНИЯТ
2337

Астанадағы Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіның ұжымы ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлады. 


Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай,  іс-шараға министр Дархан Қыдырәлі және министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты. 

Өз сөзінде Министр Дархан Қыдырәлі Наурыз жаңару мен жақсылық мерекесі екенін атап өтті.

«Біздің министрлік азаматтық қоғамның дамуына жауапты болғандықтан, қастерлі құндылықтарды ұлықтап, көпке үлгі-өнеге көрсетуі заңдылық деп білеміз. Мейрамға орай ұйымдастырылатын іс-шаралар, спорттық жарыстар ұжымның ынтымағын, ауызбірлігін арттыра түседі деп сенеміз», - деді министр. 

Іс-шара соңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі барлық қатысушыларға ізгі ниетін айтып, Жаңа жылда ырыс-береке мен молшылық тіледі.

Фото: Маржан Қуандықова

Мәдениет порталы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды, деп хабарлайды MadeniPirtal.kz. Қызылорда облысынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...