Қарағанды облысы: ең көп кітап оқитын отбасы

РУХАНИЯТ
1318

Қарағанды облысында ең көп оқитын отбасы Қарқаралы ауданында тұрады. Олар «Оқырман отбасы» байқауының жеңімпазы атанды. Облыстық байқаудың соңғы кезеңінде 15 отбасы екі санат бойынша бақ сынасты – «Театр қойылымы» және «Фотогалерея».



«Театр қойылымы» номинациясында отбасыларға 5 минут ішінде А. Байтұрсыновтың шығармасының сахналануын көрсету қажет болды. Костюмдер мен реквизиттер шығарманың мазмұнына сәйкес келуі керек еді. Бейне және музыкалық сүйемелдеу алдын-ала дайындалды. Сөз соңында міндетті түрде өнегелі қорытынды жасау керек болды. «Фотогалерея» номинациясы — шығармашылық тапсырма. Әр жанұя отбасымен және отбасылық оқу жайлы фотосуреттер дайындады. Фотосуреттердің саны мен форматы, сондай-ақ отбасылық фотогалереяның жалпы формасы мен идеясын қатысушылар өздері таңдады», – деді ұйымдастырушылар.



Комиссияның дауыс беру нәтижесі бойынша номинация жеңімпаздары мен иегерлері анықталды.

Мәселен, бас жүлдені Қарқаралы ауданынан Шәріп отбасы жеңіп алды, ал бірінші орынды Теміртаулық Бақытболат отбасы иеленді.

Сондай-ақ, түрлі номинация бойынша үздіктер анықталды – мысалы, «Өнегелі отбасы», «Позитивті отбасы» және т. б.

Бүкіл жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сертификат және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Байқау облыстық «Бір отбасы – бір кітап» акциясы аясында өтті.


Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

СПОРТ

Қазақстанның жасөспірімдер футболында жаңа жұлдыз жанып келеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ&nbs...

ЖАҢАЛЫҚТАР

ТЖМ құтқарушылары бір үйір жылқыны аман алып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Кеше Ақмол...