Қарағандыда емле ережесін түсіндіруге арналған семинар басталды

РУХАНИЯТ
1922


Ағымдағы жылдың 26 наурызында Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің Мәдениет үйінде екі сағаттық семинар өтті.  Жиынды Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Төлеген Жанатұлы Ргебаев ашты. Қатысушыларға қонақтарды таныстырып, алғы сөзді "Үш байлық" ҚБ директоры, қоғам қайраткері, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазықызына берді. О.Асанғазықызы "Рухани жаңғыру - ұлттың рухы" тақырыбында баяндама жасады. 

Ұлттық комиссия жанынан құрылған Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Рымбек Ізғали жаңа әліпбиді меңгерудегі ІТ жобаларды таныстырды. 

Qazlatyn.kz - ұлттық порталынан қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу барысы жайындағы барлық деректі таба аласыздар. Емле-ереже, жаңа әліпбидегі әріптердің таңбалануы мен жазылуы, дұрыс дыбысталуын тыңдау секілді айдарлары бар бұл портал латын графикасын үйренуге арналған қосымшаларды жүктеу жолдарын да көрсетеді.Ал порталдағы Qazlatyn көпфункционалды конвертері талай жанға көмекші құрал болары анық. Онда электронды мәтінді кириллден латынға, төтеге және керісінше аудару қызметтерін кез-келген адам пайдалана алады. Пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін дайын мәтінді көшіріп салу немесе арнайы бетте жаза отырып, ілеспе сәйкестендіруге де болады. Қолданушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер мұнымен шектелмейді. Емле, құжат, сөздікқор сияқты тілге қатысты танымдық сайттардың орталықтандырылған іздеу жүйесі де Qazlatyn.kz - ұлттық порталының басты бетінде орналасқан.
Сондай-ақ алғаш рет машиналық оқыту негізінде тілді оқытуға арналған веб-сервис Tilqural.kz порталы әзірленді. Порталқарапайым деңгейдегі мемлекеттік тілді әр түрлі инновациялық тәсілдер арқылы оңай әрі жылдам үйренуге жол ашады. Және порталда латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің әліпбиі мен жаңа емле ережесін өздігінен меңгертуге арналған арнайы тапсырмалар әзірленген.

Мемлекеттік тілге арналған веб және ІТ инфрақұрылым құру бойынша Sozdikqor.kzпорталы әзірленген болатын. Ол - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа. «Сөздікқор» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін бір бетте көруге болады. Сонымен қатар порталдың iOS, Android үшін  мобильді  қосымшалары мен telegram-бот қосымшасы әзірленген.

iOS, Android үшін ойын форматында 5 мобильді қосымша жасалды. Екеуі ересектер, үшеуі балаларға лайықталған бұл ойындар бірнеше сатыдан тұрады. Сөз табу, диктант жазу, әріптерден сөз құрастыру секілді тапсырмалар берілген және ойыншы бұлардың барлығын белгілі уақыт аралығында орындап, келесі кезеңге өтуі керек. Қосымшалардың мақсаты – қолданушыларға жаңа әліпбиді үйрету, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.



2019 жылы «Qazaqstan» Ұлттық арнасының жаңа маусымында  18 бөлімнен тұратын «SHAHMAT» бағдарламасы көрсетілді.

Ойын алаңында қатысушылар мемлекеттік тілдің өзекті мәселелерін көтеріп, көрермен көкейінде жүрген көптеген сауалдарға жауап береді. Бағдарламаның спикерлері –  өз саласының майталмандары, белгілі ғалымдар мен қоғам белсенділері.  Бағдарлама барысында көтерілген тақырып бойынша дәлелді сюжеттер көрсетіліп, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылардың дәйекті мәліметтері ұсынылды. 

Көпшілікке 2019 жылдың басында ұсынылатын қазақстандық өнім –  Селтең сері. Бұл – 3D графика форматында жасалған толықметражды анимациялық фильм. Ондағы кейіпкерлер шытырман оқиғаларға тап бола отырып, туған жерді сүю, отанды қорғау, достық пен сенім, ауызбіршілік сынды жақсы қасиеттерді үйренеді. 70 минуттық толықметражды мультфильм қазақ тілінде дубляждалған. Мультфильмде алғаш рет латын негізіндегі қазақ әліпбиінде субтитр беріліп отыр. Көрермен анимациялық фильмді көре отырып, жаңа әліпбиді меңгеруге мүмкіндік алады. 

Латын графикасымен таныс емес кішкентай балақайлар үшін «IQdos» анимациялық фильмі әзірленді. 3D графика форматында жасалған анимациялық фильмнің әрқайсысының ұзақтығы 5 минут. Әріпті өлең арқылы танытып, сөзді, сөйлемді  жылдам оқуға үйретіп, сауатты жазудың негізін қалыптастырады. Графикамен жазылған сөздер оңай, эмоциямен оқылады. Әріптер мен кейіпкерлердің қимыл-қозғалысы, айтар сөзінің маңыздылығына және оның балалар санасына сіңуіне ықпал етеді. 


Ерекше маңызға ие тағы бір насихат құралы - бейнероликтер. Ақпараттық-жарнамалық, танымдық, түсіндірмелі бағытта 31 материал түсірілді. Ұзақтығы тақырыбына байланысты 3 минуттан - 5 минутқа дейін.

 Роликтерде қазақ әліпбиінің тарихы, жазудың түрлі кезеңдері, латын графикасына көшу үрдісі, оны оқыту жолдары баяндалған.  Кей бейнероликтер кино секілді сюжеттік болғандықтан, көрермен үшін жеңіл әрі түсінікті. 


author

Ербол Тілешов

СЫНШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...