Әкімнің рұқсатынсыз мәслихат депутаттары ешнәрсе істей алмайды - депутат

Фотосурет: akzhol.kz

САЯСАТ
518

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатыҚазыбек Иса бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәслихат депутаттарының құқығы мен ықпалын нығайту туралы айтты, деп хабарлайды  madeniportal.kz. 

Мәслихат депутаттары осы құқығын қалай пайдалануда? Өткен жыл көрсеткендей, мәслихаттардың бұл құқығы, әкімдіктердің рұқсатынсыз жүзеге аспайды. Халықтың өкілді билікке сенімін нығайту үшін мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету мақсатында Мәслихат төрағасы лауазымы енгізілді.
Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібі өзгертілді. Әкімнің рұқсатынсыз мәслихат депутаттары ешнәрсе істей алмайды қазақша айтқанда…
Мәселенің шешімі мәслихаттардың әкімдіктерге тәуелділігін жою жолымен шешілуі тиіс. Мәслихаттың дербес құрамын әкімдіктің келісімімен айқындауды тоқтату қажет. Депутаттарды әкім таңдамай, халық сайлауы қажет, - деді Қазыбек Иса.
 
Айта кетейік Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады» деп атап өткен болатын.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...