Әлемге танымал әншінің ЖИ-мен жасалған дауысы арқылы концерт болады

Фото: Ethan Miller/Reuters

МУЗЫКА
933

Америкалық әнші Уитни Хьюстонның ЖИ арқылы жасалған дауысын қолданып концерт ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ el.kz-ке сілтеме жасап. 

2012 жылы көз жұмған әншінің мұрагерлері Primary Wave Music және Park Avenue Artists компанияларымен бірлесіп, әншінің жасанды интеллект (ЖИ) арқылы қалпына келтірілген дауысын қолданатын концерттерді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Іс-шара АҚШ-тың жеті қаласында өтеді деп жоспарлануда. 

Variety журналының дерегінше, Хьюстонның мұрагерлері әншінің дауысын қайта сахнаға «шығару» үшін арнайы жоба қолға алған. Олар Moises музыкалық платформасына ЖИ негізіндегі дыбысты бөлу технологиясын енгізіп, Хьюстонның түпнұсқа жазбаларынан вокалды бөліп алу мүмкіндігін жасаған. Бұл тәсіл әншінің дауысымен сүйемелденген тірі оркестрлік концерттер өткізуге жол ашады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара Хьюстон шығармашылығын сүйетін жанкүйерлерге оның дауысын қайтадан естігендей әсер сыйлайды.

Бұл – ерекше жоба: ескі тыңдармандар үшін шынайы сыйлық әрі жаңа буынға әншінің дауысын таныстырудың қуатты тәсілі, - делінген жарияланымда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...