Үйде сүндеттелген баланы ампутациялауға тура келген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
27

Ресейдің Новокузнецк қаласында дәрігердің үйінде сүндеттелген баланың жағдайы күрт нашарлап, жыныс мүшесін ампутациялауға тура келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Отбасы жергілікті емханада уролог болып жұмыс істеген танысы, 36 жастағы Бахтиёр Ш.-ға жүгінген. Пациенттер оны мейірімді әрі мұқият дәрігер ретінде сипаттаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың бойында болған ауруға байланысты дәрігер үй жағдайында сүндеттеу кезінде қателік жіберген. Көп ұзамай балада сепсис дамып, ол шұғыл ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін зақымданған тіндерді ампутациялауға мәжбүр болған.

Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, дәрігер қамауға алынған. Қазір тараптар сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мысыр астанасы Каирдің батысында болған жол апатынан кемінде 10 адам көз жұмып, тағы 24 адам жарақат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Германияда қымбатшылыққа, білім саласындағы мәселелерге және міндетті әскери қызметті қайта енгізу ы...