Дастан Сәтпаев қанша уақыт ойнамайды? Жаңа бапкер жауап берді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
92

Англияның «Бёрнли» клубының бас бапкері Фабио Челестини Чемпионшип матчына жарақатына байланысты қатыса алмаған Дастан Сәтпаевтың жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін «Бёрнли» Чемпионшиптің 13-туры аясында «Портсмутпен» тең түскен болатын. «Терф Мур» стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл «бордолықтар» сапындағы жаңа бас бапкер Фабио Челестини үшін алғашқы матч болды. Ол бұл қызметте бельгиялық Ники Хайенді алмастырған еді.

«Қазір біз „Челсимен“ байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Дастанда санның артқы бөлігінде мәселе бар, яғни бұлшықет жарақатын алған. Біз жағдайды бірлесіп, кезең-кезеңімен, күн сайын бағалауымыз керек.

Оның қанша уақыт алаңға шыға алмайтынын айту өте қиын. Мен мұнда келгеніме небәрі 48 сағат болды. Қолымда көптеген ақпарат бар, дегенмен барлығы емес», – деп жауап берген бас бапкер. 

Жарақатына байланысты Дастан Сәтпаев қараша айында өтетін Ұлттар лигасының матчтарына қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізіміне де жарақатына байланысты енбеді.

18 жастағы жас футболшымыз Англия клубының қатарына қосылғалы жеті матч өткізді. Алайда осымен екінші мәрте жарақат алып қалып, нәтижелі әрекет көрсетуге толық мүмкіндік болмай жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қаласында КамАЗ жүк көлігі мен сегіз жастағы баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Ве...

Шоу-бизнес

Танымал әнші әрі кино продюсер Мерік Ибрагимов отандық подкастардың бірінде әріптестеріне ренжулі ек...