10 жыл бірге тұрған Қайрат Нұртастың әйелі енесі жайлы шындығын айтты (ВИДЕО)

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
621

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Динар Сәтжанға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Актриса Динара Сәтжанның бағдарламасында жаңа үйін көрсетті. Көрсетілім барысында журналист "10 жыл енемен тұрғанда қандай тәрбие алдың?" деп сұрақ қойды.

"Ата-енем де қатар тәрбие берді. Қарап тұрсаңыз, мен бір айдан кейін 38-ге толамын. Ал менің енем келін түсіргенде дәл осы жаста болыпты. Сосын сұрақ қоямын өзіме, "Ал сен ене болуға дайынсың ба?", деп. Мен өзімді дайын емеспін деп есептеймін. Ойлай беріңіз жас кезінде ене атанды. Біз бірге "ене" мен "келін" болуды үйрендік. Бір- бірімізді қолдап отыратынбыз. Ене болып ананы бүйт, мынаны сүйт деп отырып алған жоқ. Керісінше бірге жүріп үйретті. Өзінің іс-әрекетімен көрсетті. Менің солай бұйрық беріп отырғанша, одан бірге ілесе жүргені дұрыс деп ойлаймын. Қонақ бізде мүлдем үзілмейтін. Жаз бойы туысқандар келіп жатып кететін. Жалпы ата-енем берген тәрбие шын көңіл мен ниеттеріне байланысты болды. Өмірге баулып жүрді. Балық емес қармақ беруді жөн көрді. Сол кезде осындай тәрбие алғаныма еш өкінбеймін, қайта ризамын. Сол үшін алғыс айтқым келеді", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...