Танымал қазақстандық әншілер Бүркіт пен Айшаның тұңғышы Зейннің өнердегі алғашқы қадамы көпшілікті...
“Бір қап ұн аптасына жетпейтін”: Кенжебек Жанәбілов отбасылық құпиясымен бөлісті
Фото: видеодан скриншот
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанабылов «Хабар» арнасына берген сұхбатында өзінің қандай отбасынан шыққанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Әнші көпбалалы отбасынан шыққан екен. Эстрада жұлдызының анасы барлығы 18 бала дүниеге әкелген. Кенжебек — отбасындағы 17-бала.
«Қазір бізден он бала қалды. Барлығымыз бір әке мен бір анаданбыз. Анам ас дайындағанда бір қап ұн аптасына жетпейтін», — деп еске алды Жанабылов.
Ол өзінің қарапайымдылығы мен еңбекқорлығын анасының тәрбиесінің арқасы екенін айтты. Сондай-ақ, көпшіліктің көкейінде туындайтын "Барлығы бір анадан ба?" деген сұраққа да бірден жауап беріп өткен.
Желі қолданушылары өнер иесінің әңгімесіне таңданып, әншінің анасы туралы жақсы сөздер жазып, жылы пікір қалдырды.
«Нағыз алтын ана», «Осынша баланы асырау оңай емес», «Тамаша тәрбие», — деп жазды олар.