«Табиғатынан алыстап барады»: Тамара Асар ер адамдар жайлы пікір білдірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1924

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар ер адамдардың қандай болу керектігін айтып, елдің сынының астында қалды, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

«Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек.

Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға жаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адамның табиғатынан алыстамайды. Сүю керекпін, сүйемін де», — деді ол.

Алайда әлеуметтік желідегі оқырмандары әншінің айтқанымен келіспейтінін айтып, біраз сынап тастады.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...