Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков оқырманына зәулім үйін сыйға тартады, деп хабарлады madeniportal....
«15 тәулікке қамалды»: Алмас Кішкенбаев ер балаға тиіскені үшін айыпталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
466
Бұған дейін 11 сынып оқушысына жыныстық емеурін көрсетті деп айыпталған танымал әнші 39 жастағы Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде әншіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
«Сот Кішкенбаевтың мас кезінде осындай әрекетке барғанын анықтады. Сотта К. оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Сонымен қатар, жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде мас күйінде құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Жоғарыда айтылғандар негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.