Сәкен Майғазиев оқ тиіп жараланған Руслан Берденовке қолдау білдірді

Дереккөзден

Шоу-бизнес
2196

Танымал өнер иесі Сәкен Майғазиев Шымкент қаласының әкім орынбасары Руслан Берденовке қатысты пікір айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Өнер иесі күні кеше әкім орынбасарына жасалған қарулы шабуыл туралы сөз етті.

«Саясат сахнасында, мәжіліс мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қам жеген асыл азаматқа қастандық қылғаны елдігімізге сын болды. Сіз бен біздің ұрпағымыз удаманиямен уланбасын деп, (тіпті Русланға қару кезендердің ұрпақтары үшін) уайымдаған жанға оқ атылуы жанға батады. «Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын екі ит қоса туылады», дегенді ҚАЗАҚ қалай дөп басып айтқан. Ел үшін туған ер Руслан Арысбекұлына Алла тағала жеңілдік берсін. Ел игілігі үшін, әулетінің бағына аман болсын», - деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...