«17 жыл күттім, екі ай ғана бақытты болдым»: Жахан Отарғалиев жан сырын ақтарды

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
337

Танымал актер әрі продюсер Жахан Отарғалиев көп жыл бойы күткен әкелік бақытқа қатысты жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Өнер иесі 17 жыл бойы армандаған қуанышын сезінгенімен, оның ұзаққа созылмағанын айтып, көпшілікке жан сырын ақтарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актердің айтуынша, ол 17 жыл бойы күткен қуанышты сәтін бастан өткеріп, екі ай бойы өзін шын бақытты сезінген. Сол кезеңде күн сайын үйіне асығып, болашаққа үлкен үмітпен қараған. Әсіресе сәбидің жүрек соғысын естіген сәті оның жадында ерекше сақталыпты.

«Осы сәтті 17 жыл күттім. Екі ай өзімді шын бақытты сезіндім. Екі ай бойы үйге асығып жүрдім. Жүрегінің соғысын естіген кезде тіпті бақытты болдым. Біреуге айтқым келеді, көшеде көрген адамнан сүйінші сұрағым келеді. Бірақ ұзаққа созылмады», – деді Жахан Отарғалиев.

Өнер иесінің сөзінен көптен күткен қуанышын жұртпен бөлісуге асыққаны, алайда бәрі өзі ойлағандай болмағаны аңғарылады. Соған қарамастан актер тағдырдың сынағына мойымайтынын, алдағы күндерден үміт күтетінін жеткізді.

«Сонда да Аллаға шүкір. Үмітімізді үзбейміз. Өнер адамдарының басында мәселе жоқ деп ойлайды, бірақ осылай», – деді ол.

Жахан Отарғалиевтің бұл сөздері көпшілікке үнемі көңілді көрінетін өнер адамдарының да жеке өмірінде ауыр кезеңдер мен айтылмайтын мұң болатынын көрсетеді. Бұған дейін де актер әке атануды ұзақ жылдар бойы армандап жүргенін жасырмаған еді. Ол балалы болуды күткен отбасылардың жан дүниесін жақсы түсінетінін айтып, бұл тақырыптың өзі үшін ерекше маңызды екенін жеткізген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жасөспірім алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Оқиға Петровка ау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

“Самұрық-Қазына” қорына жаңа басшы келеді. Бұл туралы Премьер-министр әрі қордың директо...