Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында «қыздан ту...
«Дәрігер айқайлаған кезде талып қалдым»: Айдана Меденова ел білмейтін оқиғасын бөлісті
ашық дереккөз
Танымал әнші Айдана Меденова босану кезінде басынан өткен қиын сәттерді еске алды. Өнер иесі бұл туралы «Мамский әңгіме» подкастында айтып берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әншінің сөзінше, жүктілік кезеңі жеңіл өткенімен, соңына қарай денсаулығында қиындықтар туындаған. Әсіресе буындары мен сүйектері қатты ауырып, ағзасына салмақ түскен.
«Өте ерекше өтті. Кішкене қауіпті болды. Біріншіден, ерте босану болды. Жүктілік жеңіл, жақсы өтті. Бірақ соңында ағзам шыдамай кетті. Әсіресе буын-сүйектерім қатты ауырды. Кішкене салмақ қостым. Сол үшін бе деп ойлаймын», – деді әнші.
Айдана Меденова толғағы басталғаннан кейін 12-13 сағат күткенін айтты. Алайда босанар сәтте күтпеген жағдай болып, дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған.
«Толғағым келді, 12-13 сағат күттім. “Бүгін босанасың, бірақ әлі дайын емессің” деп айтты. Баламның кіндігі оратылып қалған екен. Экстренно кесарь тілігіне жіберді. Дәл босанар алдында. Өзім шок болдым. Дәрігерімнің көзінен бір нәрсе дұрыс емес екенін көріп тұрдым. Ол “Срочно операция!” деп айқайлады. Оны естіп, талып қалдым», – деп еске алды өнер иесі.
Әнші сол сәтте қатты қорқып, есінен танып қалғанын жасырмады. Оның айтуынша, босану кезіндегі күтпеген жағдай өзі үшін үлкен күйзеліс болған.