«Аяғым ауыр...»: Италияда демалған Ерке Есмахан ағынан жарылды (ВИДЕО)

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
249

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында Италияда өткізген жазғы демалысынан әсерлі видеолар жариялап, биылғы жаздың өзі үшін ерекше болғанын айтты.

Өнер иесі Италияның көрікті жерлерінде түсірілген кадрларын оқырмандарына ұсынып, демалыс кезіндегі көңіл күйімен бөлісті. Бұған дейін де әнші Италиядағы Комо көлі мен Белладжодағы сапарынан кадрлар жариялаған еді.

Бұл жолы Ерке Есмахан жазғы демалысының басты ерекшелігін әзілмен жеткізді.

«Бала емізбей, аяғым ауыр болмай, өз рахатыма өткізген жазым болды.😁

Келесі жазға аман-есен жетейік, оқырмандарым», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің видеоларына жылы лебіздерін білдіріп, келер жаздың да сәтті өтуін тілеген.

Айта кетейік, Ерке Есмахан соңғы уақытта отбасылық өмірінен және шетелдегі сапарларынан кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында жиі бөлісіп жүр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада кішкентай марғауға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқы...

СПОРТ

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізім...