Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үй аламын деп алданғанының кесірінен денсаулығы сыр бергенін жас...
Роза Әлқожа әншілерді жылқыға теңеді
коллаж: madeniportal.kz
Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде оқырмандарын елең еткізер жазба жариялады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Әнші өз жазбасында әншілер қауымын жылқыға теңеп көрді.
"Қазақ өзін жылқыға теңейді ғой. Оның ішінде әнші қауым қатты ұқсайды. Өткенде Айбек інім Ақмоншақ деген аттың шауып келіп, мұздай су ішіп ауырып қалғанын айтқанда солай ойладым. Түбі Ақмоншақ сол аурудан кетіпті. Өкпесі сырылдап бәйгеге шаба алмай қалған…
Соңғы кезде Айбектің арқасында Қосшының дәл жанындағы Рақымжан Қошқарбаев ауылына жиі барып жүрміз. Абай деген өте қарапайым, байлығымен емес, болмысымен қарсы алатын жайсаң жігіт иесі. Мен суретке түскен ат - Райн. Ылғи барып мінетінім - Кереку. Көкпардың аттары көбіне.
- Атқа мінгенде бірден шаба жөнелетіндерге ренжимін, - дейді Сарыжайлау кешенінің басшысы Абай бауырымыз. Алдымен ақырын жүр, сосын қызғанда шауып жүре бер. Біздікілер ат суытуды білмейді. Үйге қарай тапырақтатып алып келетіндерді де түсінбеймін?! -дейді.
Қызық үшін, бір көру үшін деген басқа да, шын жақсы көріп мал ұстау басқа.
Болу мен болып көрінудің арасында пенде ылғи шатасады ғой.
Жаныңа қажетін жасау мен біреуге көріну, біреу бірдеңе айтса деп тірлік кешудің арасы алшақ. Біз табиғаттан алыстап кеткелі қаш-ша-ан?! Өз басым Алматыға келгелі аттай 27 жыл болыпты. Қаланың ақ қағаз адамына, ақ саусағына айналдық. Табиғаттың бір бөлшегіміз ғой негізі!
Түсінгенім - жаныңды аяған сайын, аяр бола түсесің. Ақжүрек қалпыңнан ажырап, кісі киік қалыпқа түсуің де оңай. Өзіңді өзің тізгіндеп, бағыттап отырмасаң арынмен бірге ағыс арасында кетесің!..", - дейді әнші.