«Айдың-күннің аманында аза тұтып отырмыз»: Роза Әлқожа Каспийдегі трагедия туралы пікір білдірді

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
227

Әнші Роза Әлқожа Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде сарбаздардың қаза табуына байланысты пікір білдіріп, әскердегі қауіпсіздік мәселесін көтерді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында қаза тапқан жас сарбаздардың тағдырына алаңдап, қолайсыз ауа райы кезінде оқу-жаттығудың не себепті тоқтатылмағанына қатысты сауал қойды.

«Кешеден бері қарт Каспий жұтқан жеткіншектер жайлы ойдан арыла алмай қалдық. Ажал шығар дейміз ғой, бірақ өрімдей ұлдардың өліміне себеп болар ауа райын неге жіті қадағаламаған?! Неге керек бұл жаттығу?!» – деп жазды әнші.

Роза Әлқожа бұл жағдай жалпы әскердегі қауіпсіздік пен сарбаздарға жасалатын қарым-қатынас мәселесін қайта көтергенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда көптеген ата-ана баласын әскерге жіберуге алаңдайды.

«Әскерге ұлымызды жіберуге қорқамыз, рас! Мәпелеп бағып отырған баламыз әлдебіреудің соққысын неге көтеруі керек? Кешегі қаза күллі әскер проблемасын қайта қотарды», – деді ол.

Әнші әр адамның мінезі мен қабілеті әртүрлі екенін айтып, ер азаматтың бәрінен бірдей физикалық мықтылық талап ету дұрыс па деген мәселені де көтерді. Оның пікірінше, қазіргі заманда күштен гөрі білім мен ақылға басымдық берілуі керек.

«Қазақ айтқан “Білекті бірді, білімді мыңды жығады” деген сол. Енді айдың-күннің аманында аза тұтып отырмыз», – деп түйіндеді Роза Әлқожа.

Бұл – әншінің әлеуметтік желіде жариялаған жеке пікірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық сәби ауыр жағдайда жеткізілді, деп хабарлайды Ma...

Әлем

Өзбекстанның Наманган облысында мемлекеттік балабақшада 5 жастағы қызға жыныстық зорлық жасалды деге...