"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев мектепте бірге оқыған алғашқы махаббатын көргенде шыдай ал...
Актер Асқар Жұмабек қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желіден
2026 жылдың 20 наурызында әлеуметтік желілерде тараған видеоға байланысты Асқар Жұмабек полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Видеоның авторы Айнұр Нарзиеваның айтуынша бұл оқиға түсірілім жұмыстары кезінде орын алған. Видеода болған оқиғаға оқырмандар наразылық танытып, бойжеткеннің өзі қатты күйзеліске түскенін жазған.
Ал бүгін 2026 жылдың 21 наурызында Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі Асқар Жұмабектің полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
"Әлеуметтік желілерде таралған ер адамның агрессивті әрекеті бейнеленген бейнежазбаға байланысты Медеу ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Азамат А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Тексеру барысында оның қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтып, азаматшаға құрметсіздік танытқаны анықталды, – дейді полиция қызметкерлері.
"Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Айта кету керек, қоғамдық тәртіпті бұзу, айналадағы адамдарға құрметсіздік көрсету және кез келген агрессия көріністері заң аясында тиісті құқықтық баға алады. Жаза бұлтартпастығы – Заң мен Тәртіптің басты қағидаты", - делінген ресми хабарламада.