Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуға деген көзқа...
“Ешқандай жағдайда әйеліме бермеймін”: Актер Рамазан Амантай үйінде ақшаны кім ұстайтынын айтты
Фото: әлеуметтік желіден
Танымал актер Рамазан Амантай ақшаны орынсыз жұмсайтынын да мойындап, тапқан табысын өзі ұстайтыныр айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Актер бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтып, осы уақытқа дейін баспана алуға жететін қаражат тапқанын, алайда ақшаны жинай алмағанын жеткізді.
«Жиырма үй алатындай ақшам болған шығар осы күнге дейін. Бірақ ақылым болмапты. Әйелім айтпайды емес, айтады. Мен бой бермеймін. Ақшаны әйелім жинайтын шығар деп ойлайтын шығар, бірақ ақша өзімде болады. Ешқандай жағдайда оған бермеймін. Өзімде ғана болады. Мен далаға шашамын. Көп ақымақтығыма куә бауырларым бар. Соның барлығын есіме түсіріп, жылап жібердім», – деді актер.
Рамазан Амантай — қазақстандық актер әрі кинопродюсер. Ол көрерменге «Қазақша бизнес» комедиялық фильмдер топтамасындағы Еркош рөлі арқылы кеңінен танылды. Актер бұл кейіпкерді франшизаның «Қазақша бизнес Америкада», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда», «Қазақша бизнес Түркияда» және «Қазақша бизнес Үндістанда» сияқты бөлімдерінде сомдаған.
Бұдан бөлек, Рамазан Амантай «I Go to School», «Батыр из прошлого», «Белгісіз батырлар», «Бесбармақ», «Әкеге апарар жол», «Аяз аға», «Жыным сол» және «Дубай кез келген бағамен» фильмдеріне түскен. 2024 жылы жарық көрген «Заманback» фильмінде Азаттың, ал «Мәди in China» туындысында Мәди есімді кейіпкердің рөлін сомдаған.
Актерлік қызметімен қатар, ол кино өндірісімен де айналысады. Рамазан Амантайдың қатысуымен шыққан жобалардың қатарында «Мәди in China» және «Мафия» фильмдері бар.