Америкалық рэпер Канье Уэстің Алматыдағы концерті ауа райына байланысты бүгінге ауыстырылды, деп хаб...
Олжас пен Дариғаның бөпесі қырқынан шықты: Өнер иелері екі қуанышты бірге тойлады
Фото: әлеуметтік желіден
Дариға Бадықова мен Олжас Абай бірнеше жыл сәби күткен жұпқа көмектесті. Актерлер Дариға Бадықова мен Олжас Абай оралдық жұптың ата-ана атануына қолдау көрсеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Кеше Алматы төрінде үлкен тойларын өткізген өнер иелерінің қуанышында журналист Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына алғаш болып негізгі жаңалықты жеткізді.
"Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға — біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері. Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр. Біреудің қолдауы — бір отбасының өмірін өзгертіп, үлкен арманын ақиқатқа айналдыруы мүмкін", - деп жазды Сұлтанқызы.
Олар қолдау көрсеткен отбасы бірнеше жыл бойы перзент сүйуді армандаған. Жұп бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін қордың көмегімен арманына жетіп, бүгінде бала тәрбиелеп отыр.
Бұл жаңалықты жұлдызды жұптың көрермендері басқаша түсініп, актердің өзі балалы болды деп қабылдап қалды. Дегенмен, Ләйлә Сұлтанқызы жазбасында сәбиді «Олжас пен Дариғаның бөпесі» деп атап, оның қырқынан шығарылғанына бір ай толғанын жеткізді. Сондай-ақ кино әлемі мен өмірдегі жағдайды ажыратып, актерлердің бұл отбасыға демеуші ретінде көмектескенін түсіндірді.