Танымал продюсер Баян Алагөзова екі кішкентай қызы Алма мен Алисаның суретін жариялады, деп хабарлад...
«Сотта кездескенше!»: Роза коуч өзін сынаған танымал имамды сотқа берді
Фото: ЖИ
Белгілі имам Данияр Кенжеұлы атышулы коуч Роза Әшірбаеваны ашық сынады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Айтуынша коучтың "Күйеуден сұранудың қажеті жоқ" деген сөзі көптеген отбасыны шайқалтауы мүмкін.
Дінтанушы неліктен Роза коучтың пікір қайшы екенін жіктеп түсіндірген.
Роза Әшірбаева да бұл жазбаға жауап қайтарып, имамның әрекеті заңсыз екенін ескертіп, сотқа беретінін айтқан.
"Данияр мырза, қайырлы таң! Уағызыңыз жамағатыңызға пайда әкеле берсін. Мені заңмен жазалаймын деп өзіңіз заң бұзып отырсыз. Фотоны және есімді заңсыз пайдалану бойынша жауапкершілік: ҚР АК 145-бабы — бейнені келісімсіз пайдалану (өшіру және моральдық өтемақы белгіленеді); ҚР АК 143-бабы — жеке басымның ар-намысы мен беделіме нұқсан келтіру (сот белгілеген өтемақы төленсе); ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы — жала жабу. 20 тәулікке қамау немесе айыппұл. Деректер нотариалды тіркелді, материал жойылмаса, іс сотқа беріледі. ашық парақшадан алсаңыз да заң бойынша менің рұқсатымсыз суретімді, атымды қолдануға құқығыңыз жоқ. Инстаграмның өзіне де шағым тастадым. Сотта кездескенше", - деп жазды ол.