Коуч, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересі туралы ерекше оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды M...
Блогер Айым Сейтметова ажырасып кеткенін мәлімдеді
Фото: әлеуметтік желіден
Блогер Айым Сейтметова жұбайы Талғатпен ажырасып кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол бұл шешім туралы көпшілікке өзі айтуды жөн көрген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Айым Сейтметова ажырасқаны туралы ақпаратты сырттан тараған әңгімелер арқылы емес, өзі жеткізуді дұрыс санағанын айтты. Оның сөзінше, отбасының өмірі көп жыл бойы көпшілік назарында болғандықтан, бұл жаңалықты да өзі жариялауды шешкен.
«Бұл жазбаны жариялау керек пе, жоқ па деп ұзақ ойландым. Бірақ көптеген жылдар бойы өміріміздің едәуір бөлігі көпшілікке жария болғандықтан, бұл туралы өзім айтқаным дұрыс деп шештім. Біз Талғат екеуміз ажырасып кеттік».
Блогер ажырасқанымен, Талғатпен бірге өткізген өмірін тек жағымсыз жағдайлармен байланыстырмайтынын атап өтті. Ол отбасында жақсы сәттердің көп болғанын айтып, екеуінің ортақ қызы бар екенін ерекше атап өтті.
«Бұл сөздердің артында бірге өткізген өміріміздің үлкен бір кезеңі тұр. Ол кезеңде жақсы сәттер көп болды, отбасы құрдық. Ең бастысы – бізді мәңгі байланыстыратын қызымыз бар».
Айым некені жалғастыруға мүмкіндік бермеген жағдайлар болғанын жеткізді. Алайда олардың не екенін ашып айтпауға шешім қабылдаған, себебі кейбір мәселелерді көпшілікке жария етпеу керек деп санайды.
«Белгілі бір уақытта арамызда мен үшін осы некені әрі қарай жалғастыруды мүмкін етпейтін жағдайлар болды. Оның егжей-тегжейін айтқым келмейді. Кейбір нәрселер екі ересек адамның арасында қалғаны дұрыс».
Ажырасқаннан кейін де бұрынғы жұбайымен сыйластықты сақтап қалу Айым үшін маңызды екенін айтты. Ол Талғат екеуінің енді ерлі-зайыпты болмаса да, қыздары үшін ата-ана ретінде бірге қалатынын атап өтті.
«Қазір мен үшін ең маңыздысы – бір-бірімізге деген құрметті сақтау. Біз Талғат екеуміз ерлі-зайыпты болудан қалдық, бірақ навсегда қызымыздың анасы мен әкесі болып қаламыз. Мен оның ата-анасының екеуінің де махаббатын сезініп өскенін қалаймын, ересектердің шешімдерінің салдарын сезінбесе екен деймін».
Блогер ажырасуға қатысты түрлі қауесет пен болжамның тарамағанын қалайтынын жеткізді. Ол оқырмандарынан екі тарапты да кінәламауды өтінді.