Ән сапарларын кейінге қалдырды: Танымал әншінің қызы ауыр хәлде

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1288

Танымал рэпер ән сапарларын кейінге қалдырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Танымал әнші Джаһ Халиб әлеуметтік желідегі парақшасында қызының сырқатына байланысты Қазақстан қалаларына ән сапарын тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға мәжбүр екенін жазды.

Әншінің концерттері жақын арада Қазақстанның 5 қаласында, нақтырақ Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Өскеменде өтуі тиіс еді. 

"Өкінішке орай, бұл турдан бас тартатынымды немесе басқа уақытқа ауыстыратынымды (егер күтуге дайын болсаңыз) хабарлауға мәжбүрмін. Себебі, жаңа туған қызымның отадан кейін жағдайы ауыр, күшімді жинап көргеніммен, сахнаға шыға алмаймын", - деп жазды Джах Халиб. 

Рэпер енді қиын-қыстау кезде әйеліне қолдау көрсету үшін отбасымен бірге болғысы келетінін атап өткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...